2019 жылғы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қысқа мерзімді курстардың тыңдаушылары арасында жұмыссыздар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара құқықтық білімді насихаттауға, тәуелсіз шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Кездесудің қатысушылары «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардың тыңдаушылары болды. Дөңгелек үстелдің барысында директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ж.В.Бережная
Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіндегі студенттердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айтып өтті.
Юбилейный шағын ауданының 13 тірек пунктінің аға учаскелік инспекторы Д.Ромазанов және ГЮП ОМПС екінші полиция бөлімінің майоры Е.Леоненко дөңгелек үстелдің қатысушыларына Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасының баптарын түсіндірді. Олар нақты мысал келтіре отыра түсіндірді.
Талқыланған тақырып қатысушылардың қызығушылығын оятты, оны «дөңгелек үстел» қатысушыларының барлығымен жүргізілген сұхбат растады.
Бұл іс-шара жұмыссыз азаматтар арасынан қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыруда маңызды болды.